Бейсенбі, 02 мамыр, 07:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Биыл 193,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

23.11.2023

164

0

agroonim

Ауыл шаруашылығындағы егін саласы бойынша Қызылорда облысында атқарылған жұмыстармен танысу мақсатында өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен баспасөз туры өткізілді.

Биыл Қызылорда облысында ауыл шаруашылығын қолдауға 18,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде субсидиялауға 14 миллиард теңге игерілді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл 10 айлық көрсеткіш ішінде ауыл шаруашылығы саласында 202,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,6%-ға артты. Ал, тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 87,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салтырғанда 100 пайызды құрады. 

Биыл облыс бойынша 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89 мың гектар құрады. Жалпы, дақылдардың егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға ұлғайды. Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, дән жүгері 1,2 мың гектарға, сүрлем жүгері 1,4 мың гектарға, күнбағыс 179 гектарға, соя 64 гектарға, қант құмайы 195 гектарға, қант қызылшасы 5 гектарға егілді.

Сонымен қатар, егіншілердің басты мәселесі су тапшылығы. Осы су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы барлығы 872,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Тамшылатып суару 577,5 га, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану арқылы 295 га орналастырылды, — деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары Талғат Дүйсебаев.

Әрі қарай Сыр өңірінде күріш кәсібін дөңгелетіп, бүкіл елді қамтуға үлес қосып отырған Абай-Дәулет ЖШС-нің жұмысымен баспасөз өкілдері танысты.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: