Сейсенбі, 15 қазан, 04:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Жайлы мектеп»: Аймақта 12 300 орындық 21 мектеп салынады

25.11.2023

491

0

«Жайлы мектеп»: Аймақта 12 300 орындық 21 мектеп салынады

 Жаңа оқу жылының басында облыс орталығындағы үш ауысымдағы 6 мектептің 4-не 1850 орынға арналған қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Бұған қоса, Бәйтерек мөлтек ауданынан пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектеп 2 мектептің сыйымдылық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді.

Осы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов айтты.

 Өткен аптада Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық мектеп ғимараты ел игілігіне табысталды. Жыл соңына дейін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 250 орындық және Жаңақорған кентіндегі 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 мектептің құрылысын салуға тиісті ұсыныстар берілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады, — деді Асқарбек Темірбекұлы.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика