Жексенбі, 15 желтоқсан, 01:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Университетте наурыз айында ВІС орталығы ашылады

13.02.2024

247

0

Университетте наурыз айында ВІС орталығы ашылады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алатын студент шетелдік ЖОО-да тәжірибе жинақтап, бірден екі дипломға ие бола алады. Университетте BІС (Business incubation center) орталығы биыл наурыз айында ашылады. 

Орталықтың мақсаты – стартап жобаларды қолдау, жаңа бағдарламаларды енгізу, жастарды кәсіпкерлікке баулу. Орталық жанында робототехника, дрондарды құрастыру курстары ұйымдастырылады. Қазіргі таңда әлем бойынша құрылыс, геодезия, ауылшаруашылығы, медицина, төтенше жағдай қызметі, әскери қарулы күштер тағы басқа салаларда дрон кеңінен қолданылады. Қазақстанда бұл бағытты дамытуға үлкен сұраныс бар. Сондықтан осы сала бойынша мамандарды даярлау өте маңызды. Сапар барысында ұсынысымызды СеулТех университеті толығымен қолдады. Сондай-ақ Жасанды интеллект мектебі жанынан корей тілін үйрету курсы ашылады, дейді Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барған университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика