Сенбі, 04 мамыр, 06:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тірек мектеп: Ауыл мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілуде

22.11.2023

230

0

tirek_mektep

Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Арал, Жаңақорған және Қармақшы педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетуде.

Бұған дейін NIS педагогтері Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейнің, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің және №286 мектептің білім беру үдерісіне, оқыту сапасына талдау жүргізіп, мықты және әлсіз тұстарын анықтады. Педагогтер арасында кездесетін қиындықтар бойынша ақпарат жинап, соның негізінде оқыту курстарының жобасын әзірледі.

Алғашында Зияткерлік мектеп мұғалімдері ауылдық мектептерге барып практикумдар, семинар-тренингтер, кездесулер мен консультациялық алаңдар өткізді. Оның ішінде критериалды бағалау және бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуді, оқытуда сараланған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды іс-жүзінде көрсетті. Педагог-кураторлар оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік жобаларды таныстырып, ата-аналармен байланысты нығайтуға бағытталған әдістерді ұсынды. Сондай-ақ, мектептерде жаңадан ашылған информатика, STEM кабинеттеріндегі және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша заманауи зертханалардағы құрал-жабдықтарды пайдалануды үйретті.

Сапар барысында 2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі туралы үміткерлер мен ата-аналарына таныстырылды.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: