Жұма, 26 сәуiр, 10:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Республика күніне тарту: Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен өнер мектебі ашылды (ВИДЕО)

21.10.2022

261

0

Ұлттық мереке — Республика күнінде сырбойылықтарға айрықша тарту жасалды. Бүгін Жалағаш ауданында 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

“Бүгін есігін айқара ашқан Оқушылар үйі мен Өнер мектебі ел дамуына елеулі үлес қосар азаматтарды тәрбиелеп шығаратын киелі өнер ордасына айналады деп үміттенемін. Балаларымыз жаңалыққа қуансын, ата-аналарымыз жақсылыққа жұбансын! Әр отбасына бақыт, жақсылық, амандық тілеймін”-деді Н.Нәлібаев.

Аумағы 29 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратқа «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен 431,5 млн.теңге қаржы жұмсалды.

Тағы да оқыңыз: