Сәрсенбі, 01 мамыр, 17:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық “Жауқазын” студенттік театры республикалық байқауда оза шапты

08.04.2024

72

0

Қызылордалық “Жауқазын” студенттік театры республикалық байқауда оза шапты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Жауқазын” студенттер театры 2-4 сәуір күндері Орал қаласында Махамбет Өтемісов атындаты Батыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған “III Umit — 2024” республикалық студенттік театрлар фестиваліне алғаш рет қатысып жүлделі II орынды жеңіп алды. 

Әртүрлі мамандық студенттерінен құралған “Жауқазын” студенттер театрының жас таланттары М.Әуезовтың “Қарагөз” трагедиялық қойылымын  сахналады. Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы театр жетекшісі және “Жауқазын” студенттер театрының төрағасы, режиссері Ақниет Маулен. Қазылар алқасы алғаш рет байқауда бақ сынаған жас өрендердің өнерін жоғары бағалады. 

Айта кету керек, бұған дейін үш рет өткен республикалық сайыста бірінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ақжелкен» студенттік театры, ал үшінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «URKER» студенттік театры иеленді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: