Жұма, 29 наурыз, 00:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық оқушылар мектепке арнайы автобуспен қатынайды

20.04.2023

181

0

Қызылорда облысының оқушылары мектепке арнайы автобуспен қатынайтын болады. 

«Қалаға мектеп оқушыларын тасымалдайтын жаңа автобустар келіп жатыр екен”», — деген сипаттағы біршама хабарлама-сауалдар келіп түсуде. Осы ақпаратты растай отырып, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен аймақтағы ауыл мектептерінің көліктері 30 жаңа автобуспен толығады. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жаңа 30 автобустың жартысы қалаға жеткізілді. Қалған автобустар алдыңғы айда толық жеткізілген соң, мектептерге пайдалануға берілетін болады.

Айта кетейік, бұл тасымалдаушы көліктер 20 және 40 орынға шақталған. Мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді. Қауіпсіздік белдіктері, апаттық шығу жол, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері бар және автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен қамтылған.

Тағы да оқыңыз: