Жұма, 12 сәуiр, 18:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновпен кездесу өтті

08.01.2024

147

0

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновпен кездесу өтті

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT»  партиясының фракция мүшесі Мұрат Әбенов  Сыр өңіріндегі іс-сапары аясында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жұмысымен танысты.

Жиынға «Amanat»  партиясының өкілдері, университет ұжымы мен жас стартаперлер қатысты.

Кездесу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында ашылған Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі мен Kyzylorda Hub орталығының жұмысы, іске асырылған жобалары әрі алдағы жоспарлары талқыланды.

Бизнес-инкубатор резиденттері   Айбек Оразбақов «TechAI мұғалім көмекшісі», «Онлайн паркинг»,  Асылжан Абдуллаев «QazaqGPT», Әбекен Айбек «Dark maze», Жанарбек Бекарысов «Time Batyr», Жұмабек Темірлан мен Есенбек Бақдаулет «Жалған ақпаратты анықтайтын детектор», Мырзабек Еркебұлан мен Сәдібеков Ербол  әкімшілік жұмыстарды автоматизациялау мақсатында жасалған «AiDOS» атты жобаларын таныстырды. 

«Сыр елінің жаңалықтарымен, өзгерістерімен  танысу мақсатында жоспарланған іс-сапар барысында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымымен, білім алушыларымен арнайы кездестім. Бүгінгі күні оң өзгерістерге жол ашатын, IT бойынша жұмыс жасап қана қоймай, жүйені басқаратын және құратын жастардың Қызылордада көбейіп жатқанын көріп, қуанып отырмын» деді Мұрат Әбенов.
Сонымен бірге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма  Төрағасы — Ректор Бейбіткүл Сарсәмханқызы жоба аясында Жоғары мектеп ашу ғана емес, Қорқыт ата университетінің базасында Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің бизнес-инкубаторын құру көзделіп отырғанын атап өтті. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үш ЖОО базасында жасанды интеллект саласындағы кадрлар даярлау және осы салада зерттеу жүргізетін орталықтар ашу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде өткен жылдың қараша айында Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Жоғары мектеп жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласында кадрлар даярлайтын болады.

Ал сырбойылықтардың  инновация мен кәсіпкерлік саласына қызығушылығын арттыру, IT жобаларды дамыту, аталмыш бағыттар бойынша кадрлар даярлау және білім беру мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бизнес-инкубаторы жұмыс істейді. Орталықтың жалпы жұмыс барысында 139 резидент пен 7 600 жас қамтылып, 80 млн теңгеден астам инвестиция тартылды.


Общий фото.JPG

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: