Сәрсенбі, 01 мамыр, 18:39

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Корея Республикасымен қос дипломды білім беру бағдарламасын енгізуге келісім жүргізілді

03.04.2024

192

0

Корея Республикасымен қос дипломды білім беру бағдарламасын енгізуге келісім жүргізілді

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда маңызды оқиға орын алды. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар Университетінің (SeoulTech) президентімен кездесті.

Министрмен бірге кездесуге Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова қатысты.

Жиын барысында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім, студенттердің алдымен Коркыт ата атындағы Қызылорда университетінде SeoulTech бағдарламасы бойынша оқытылып, одан кейін оқуларын Кореяда жалғастырып, екі жақты диплом алу мүмкіндігін қарастырады. Бұл келісім LUPIC жобасының жалғасы ретінде, онда екі университет жасанды интеллект және зерттеу бағдарламаларын дамыту жөнінде ынтымақтастықты көздейді.

Қол қою рәсімі 2024 жылдың 3 сәуірінде SeoulTech ғимаратында өтті, бұл оқиға халықаралық білім беру серіктестігінің маңыздылығы мен перспективалығын атап көрсетті. Бұл келісім Қазақстан студенттеріне Оңтүстік Кореяның көшбасшы университетінде сапалы білім алуға және жасанды интеллект саласында жоғары білікті маман болуға мүмкіндік береді.

Сапар барысында SeoulTech университетінің IT мамандықтары департаменттерінің басшыларымен кездесулер өткізілді. Осы кездесулерде ынтымақтастықтың болашақ перспективалары талқыланды, бұл әріптестікті кеңейтуге және екі жақты білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді.

Екі оқу орны студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға басымдық береді, бұл жоба аясында тағылымдама мен тәжірибе алмасуды белсенді қолданады. Сонымен қатар, Global Korea Scholarship бағдарламасы аясындағы студенттер мен магистранттарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді, бұл екі ел арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді

Сонымен қатар, тараптар академиялық ұтқырлық желісі бойынша ынтымақтастықты, Қазақстанның жоғары оқу орындарында корей тілін оқыту курстарын ашуды, «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Корея университеттерімен ынтымақтастықты дамыту жобасы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул университетінің SeoulTech жасанды интеллект мектебі ашылды. Нәтижесінде, өңірде IT технологиялар, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылым бойынша білім беретін болады. Бірлескен бағдарламалар тіркеліп, инженерлік мамандарды даярлауды бастады.

Қазіргі уақытта университет 200-ге жуық шетелдік оқу орны, мәдени және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық байланыста екенін атап өтті. Бұл елдердің ішінде Корея Республикасы ерекше орын алады. Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп жұмыс жүргізу Қызылорда облысының және жалпы еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына үлкен үлес қосады.

435109703_959624442573755_4968655980233285361_n.jpg
432210749_959624522573747_3876366436535320771_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: