Сенбі, 27 шiлде, 13:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Канадалық ғалым Workshop өткізді

10.06.2024

403

0

Канадалық ғалым Workshop өткізді
Фото: Қорқыт ата атындағы ҚУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Канаданың Макгилл университетінің Жоғары білім саласындағы саясат кафедрасының доценті Эмма Харден-Вульфсон студенттермен Workshop өтті.

Студенттер экология, кибер шабуылдардың қауіпі, әлеуметтік әділетсіздік секілді басқа да өзекті тақырыптарда 2-3 минуттық видео-роликтер жасап, қорғады.

Шетелдік ғалым мен университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова және Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева жастардың жұмыстарын бірге тамашалады.

Workshop нәтижесінде Эмма Харден-Вульфсон студенттердің жұмыстарындағы жетістік пен толықтырулар туралы ойын айтып, талқылады.  Осылайша жастар теория мен тәжірибені қатар ұштастырды.

Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Канаданың Макгилл университетінің Жоғары білім саласындағы саясат кафедрасының доценті Эмма Харден-Вульфсон келді Эмма Харден-Вульфсон сапары барысында жаһандық сын-қатерлер, климаттың өзгеруі, әлеуметтік әділетсіздік, технологиялық инновациялар және басқа да өзекті тақырыптарға зерттеу жүргізудің жаңа методологиясымен бөлісетін болады. Эмма Харден-Вульфсон ЮНЕСКО-ның Халықаралық жоғары білім институтында зерттеу және жоспарлау бөлімін басқарған. Сонымен қатар, жоғары білімнің келешегі, жасанды интеллект және сандық трансформация, студенттердің виртуалды академиялық ұтқырлығы, академиялық тәуелсіздік және жоғары білімді басқару тақырыбындағы халықаралық жобаларға жетекшілік жасаған. Шетелдік ғалымды шақырту ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік сарапшыларды шақырту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар екінші жыл Фулбрайт бағдарламасының стипендиаттары ағылшын тілін оқыту үшін үкіметаралық келісімдер негізінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен Қорқыт ата университетіне келеді деп күтілуде.

А.Текебай

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика