Сейсенбі, 15 қазан, 04:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 44 студент білім алуда

21.11.2023

305

0

academic_program

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова Инженерлі-технологиялық институтының студенттерімен кездесті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жиында 1,2-курс студенттері академиялық білім беру, ғылыми-зерттеу, халықаралық қатынас туралы кеңінен ақпарат алып, атқарылған жұмыстармен танысты.

Жиын барысында ректор Бейбіткүл Кәрімова университеттің биылғы жетістіктері мен жаңалықтарына тоқталды.

«Университет базасында Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Өздеріңіз білетіндей ашылу салтанатына, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, LUPIC халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университет жобасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, оқу орны QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 үздік университеттер қатарында. Ал, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының бірінші семестрінде 44 студент Хубей (ҚХР), Каннам (Оңтүстік Корея), Лодзь (Польша), Сельчук (Түркия), Ташкент (Өзбекстан) жоғары оқу орындарында білім алуда», – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Сондай-ақ, университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұртілеу Жорабек білім алушыларға студенттік ұйымдар, спорттық секциялар туралы толығырақ ақпарат берді.

Кездесу соңында, ректор студенттердің сұрақтары мен ұсыныстарын талқылап, көтерілген мәселелердің шешілуі бақылауда болатынын айтты.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика