Сенбі, 27 шiлде, 11:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Үздіксіз ақпарат тарату – қажырлы еңбекті талап етеді

16.05.2024

163

0

Үздіксіз ақпарат тарату – қажырлы еңбекті талап етеді
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 мамыр – Байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн 2019 жылдан бері елімізде ресми мерекелер қатарына енген болатын. Бүгінде байланыс саласы – ең ауқымды әрі жауапкершілікті талап ететін салалардың бірі болғандықтан қоғамда айрықша маңызға ие. Сондықтан да байланыс және IT саласы мамандарының ақпараттандыру саласына қосқан үлесі ерекше бағаланады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов сала мамандарын құттықтады.

– Байланыс саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің ізденістеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен сала алдында тұрған барлық стратегиялық міндеттерді іске асырудағы жауапкершіліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және алға қойған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін, – деді ол.

Бүгінгі таңда жаһандық дамуды коммуникация, байланыс және ақпараттандырусыз елестету мүмкін емес. Жаһандану тенденциясының өте жылдам темппен дамуына әсер еткен – осы ақпарат саласының қарышты дамуы тікелей әсер етті. ХХI ғасырда медиа саласы әлемдегі оқиғаларды таратушы болып қана қоймай, көбіне оның жекелеген елдерде және тұтас әлемде қалай өрістеп отырғанын айқындайтын жетекші күшке айналды. Айта кету керек, біздің елдегі цифрландыру, қызметтерді онлайн алу, «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асады.  Біз өзімізге қажет маңызды қызметтерді үйден шықпай-ақ, қолымыздағы смартфон арқылы қол жеткізе аламыз. 

– Жақында ғана аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев байланыс саласында 35 жыл қажырлы еңбек еткен сала ардагері Әбдіхан Көбеевті облыстың ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Сондай-ақ, кәсіби мереке қарсаңында байланыс саласында елеулі еңбек етіп жүрген азаматтар да құрмет төрінен көрінді. Мұның барлығы қажырлы еңбектің жемісі, – деді басқарма басшысы.

Жалпы, статистикаға келер болсақ, қазіргі уақытта елімізде бекітілген байланыстың 2,5 млн абоненті тіркелген, яғни бұл стационарлық телефонды пайдаланатын азаматтардың көрсеткіші.  Бұл ретте, жыл сайын телекоммуникация нарығының жалпы көлемінде бекітілген байланыс үлесі ұялы байланысқа орнын бере отырып, төмендеуде. Ұялы байланысқа келетін болсақ, бекітілген абоненттер саны 26 млн-нан асты.

Ал 2011 жылы елімізде 3G стандартының байланысы енгізілген кезде сала ұялы байланыстың дамуына айтарлықтай серпін алды. 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандартында байланыс қызметтерін ұсына бастады. 2019 жыл ішінде Қазақстанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Тестілеудің алғашқы нәтижелері оң болды және сарапшылар Қазақстан аумағында 5G технологиясын енгізуге дайын екендіктерін көрсетті.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика