Сейсенбі, 21 мамыр, 21:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық кеші өтті

09.11.2023

261

0

concert

Сыр елінде Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақ ұлттық өнер академиясының «Темірқазық» атты мерейтойлық концерті өтті.

Шара барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының өнерпаздарына аймақ басшысының арнайы құттықтауын табыс етсе, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы Шыңғыс Ергөбек мерейтойлық кештің маңызына тоқталды және Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қорының төрағасы Сәби Аңсат ұлт қайраткерінің еңбегі мен артында қалған мәңгі мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау керектігін айтты.

«Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойын ТҮРКСОЙ деңгейінде атап өту аясында елімізде және шет елдерде ауқымды шаралар өткізілуде. Ұлт қайраткерінің мерейтойы туған жері — Сыр елінде де кең көлемде тойлануда. Сыр халқы егемен елдің мәдениеті мен руханиятына сүбелі үлес қосқан Өздеріңізді кәсіби өнер шеберлерін дайындайтын оқу ордасы ретінде бағалап, құрметтейді. Темірбек Жүргенов есімін иеленген Академия ұжымы алдағы уақытта да қазақ өнерін асқақтатып, тәуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтарын насихаттай береді деп сенемін», — деді Шахмардан Байманов.

Аталмыш шарада Академияның талантты жастарымен бірге елімізге танымал белгілі өнер иелері Сәкен Майғазиев, жерлесіміз Алмас Алматов және өзге де өнерпаздармен сахнада ән-жырлары орындалды және Темірбек Жүргеновтің тарихи еңбектері жайлы арнайы сахналық қойылымдар көрсетілді.

Шара барысында Қазақ Ұлттық Өнер академиясы өнерпаздарының ерекше өнерлеріне алғыс ретінде аймақ басшысының атынан «Ықылас гүлі» табыс етіліп, көрермендер өнер ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: