Жұма, 23 қыркүйек, 16:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елінде түрік компанияларымен бірлескен жаңа жобалар жүзеге асады

08.09.2022

34

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне келген «Акса Энерджи» компаниясының атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Коркут Озтуркмен кездесіп, жаңа жылу электр орталығын салу жұмыстары мәселелерін талқылады.

Айта кету қажет, биылғы жылғы мамыр айында Мемлекет басшысы Түркия еліне іссапары барысында «Екі мемлекет арасында инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылауға және Түрік инвесторларының барлық бастамасын қолдауға және оларға қолайлы жағдай жасауға дайынбыз» – деп атап өткен болатын.

Бүгін, сол игілікті сапардың нақты нышаны ретінде «Акса Энерджи» түрік компаниясы өкілдерімен бірге жаңа жылу электр орталығы құрылысы нысанының капсуласы қаланды.

Аймақ басшысы компания өкіліне нысанды уақытылы аяқтау маңызды екенін және жобаны жүзеге асыруға қажетті қолдау шараларына дайын екенін жеткізді.

Мұнан бөлек, аймақта томат зауытын салу бойынша, Түркияның ірі компаниясымен бірлескен жұмыстар қолға алынады. Яғни томат зауытын салуға 25-30 млн. доллар көлемінде инвестиция тартылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: