Жексенбі, 15 желтоқсан, 01:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды

23.11.2024

393

0

Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қызылорда Саз М» ЖШС заманауи кірпіш зауытының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, зауытқа Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді.

Құны 2,3 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Іргетасы желтоқсан айында құйылып бітеді.

Құрылыс алаңында 20 жұмысшы, 11 техника жұмыс жасауда. Зауытқа қажетті қондырғылар желтоқсан айында жеткізіліп, алдағы жылдың ақпан айында монтаждалады.

Бұл зауыттың басқалардан ерекшелігі – өндіріс толығымен автоматтандырылған.Айта кетейік, құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. теңге бөлінді.

Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп,1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар.

Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді.

Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика