Бейсенбі, 28 наурыз, 21:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі Қармақшы ауданының даму қарқынына баға берді

29.07.2022

371

0

Өткен аптада аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің өзекті мәселелерін ортаға салып, жұмыстарына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырған болатын. Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов ауданның түйіткілді мәселелерін шешу бойынша қабылданған шаралар мен жасалған жұмыс барысын баяндады.

Мәжіліске облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен қоғамдық кеңес төрағалары, тиісті мемлекеттік органының басшылары қатысты.

Жиынның мақсаты – ауданның өзекті және проблемалық мәселелерін анықтап, бірлескен түрде оларды шұғыл арада шешу жолдарын қарастыру.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан басшысының жұмысын бағалап, бірқатар назар аударатын тұстарын атап өтті. Ауданның жұмысы 4 негізгі бағыт бойынша бағаланды, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жоғары тұрған органдар мен облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы, ауданның кадрлық әлеуеті мен қоғамдық-саяси ахуал бар.

Қармақшы ауданы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 6 ай қорытындысымен 6 орынды алып, орташа даму динамикасын көрсетті. 10 көрсеткіштің ішінен өнеркәсіп өндірісі, өңдеу өнеркәсібі мен шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі бойынша нәтиже төмен екенін қаперге салып, 9 ай қорытындысы бойынша оң нәтиже шығаруды тапсырылды.

Мұнан бөлек, облыс әкімі ауданда жұмыс орындарын құру, индустрияландыру бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру бойынша жұмыс қарқыны баяулағанын тілге тиек етті.

«Индустриялық аймақта 2017 жылдан бері жаңадан жоба орналастарылмаған. Қармақшы кәсіпкерлік саласының дамуы кенже қалған аудандардың қатарында екені белгілі. Біз бизнес қарқынын әлі де үдетуіміз қажет. Аудан әкімдігі өз бизнесін бастаймын, кәсібін кеңейтемін деген ынталы азаматтармен тығыз жұмыс жасап, оларға шынайы қолдау көрсетуі тиіс. Ауданда бақша, көкөніс өнімдерін өсіруге және мал, құс, балық шаруашылығын дамытуға жеткілікті жағдай жасалған. Сондықтан осы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру аса маңызды», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Нәлібаев бюджет қаражатын тиімді әрі сапалы игеру керектігін алға тартып, ауданда құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды уақытылы аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды. Сондай-ақ, қазіргі таңда азық-түліктің басым бөлігі сырттан тасымалданатынын ескере отыра, егіншілікпен айналысам деушілерге жер телімдері табысталатынын кеңінен ақпараттандырып, келесі егін маусымына қазірден-ақ дайындала бастауды міндеттеді. Мұнан бөлек, аймақ басшысы соңғы кездері жол-көлік оқиға салдарынан қайтыс болғандардың санын күрт өскенін назарға салып, құқық қорғау органдарына жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, жаппай рейд ұйымдастыру әрі тұрғындарға сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет Басшысының тапсырмасымен ашылуы тиіс «Бақытты отбасы» орталығының бөлімі аудан орталығында осы күнге дейін ашылмағанын ескертіп, тез арада ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды және Президент Әкімшілігінің тікелей бақылауындағы мүлік иелерінің бірлестіктерін құру мәселесі әлі де ашық түрінде қалғанын қаперге салып, осы бағыттағы жұмысты тез арада қолға алуды тапсырды.

Бағалаудың келесі бағыты – кадрлық әлеуетті дамытуға байланысты облыс әкімі аудандарда кейбір лауазымды тұлғалар, оның ішінде, әсіресе, мектеп және балабақша директорлары көптеген жылдар бойы бір қызмет орнында қалғанын ескертіп, заңнама аясында ротациялауды қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, қызмет барысында заң бұзушылықтарға жол берген қызметкерлер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудан көлемінде қоғамдық-саяси ахуалға басты назар аударып, тұрақты бақылауға ұстауды тапсырды және соңғы кездері жол-көлік оқиға салдарынан қайтыс болғандардың санын күрт өскенін назарға салып, құқық қорғау органдарына жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, жаппай рейд ұйымдастыру әрі тұрғындарға сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қажеттігін атап өтті.

Аймақ басшысы аталған жұмыстарды іске асыру барысында облыстық және аудандық мәслихат депуттары, ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері де белсенді атсалысуы керек екендігін баса айтты. Аудан әкімі Президенттің, облыс әкімінің тікелей өкілі болғандықтан, сол аумақтың тұрғындарын толғандыратын мәселелердің барлығына жауап беруі тиіс деп ескертті.

Әрбір ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы облыс әкімінің жіті бақылауында.
Жиында межелі көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған аудан әкімдері мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шара қарастырылатыны ескертілді.

Тағы да оқыңыз: