Сенбі, 20 сәуiр, 02:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрлыбек Нәлібаев әділет органдары қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

30.09.2022

220

0

Биыл Әділет органдары қызметкерлеріне – 30 жыл. Жауапты сала мамандарының кәсіби мерекесі Қызылорда облысында салтанатты іс-шарамен әспеттелді.

Облыс орталығындағы Достық үйінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев сала мамандарын төл мерекесімен құттықтады.

«Сіздерді Сыр жұртшылығы атынан «Қазақстан Республикасының Әділет органдарына – 30 жыл» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әдiлет органдары заң үстемдігін берік орнауына қолдау жасайтын, қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруда, азаматтардың құқықтарын қорғауда аса маңызға ие билік органы.
Бұл мерекеде біз Заңның құқықтық мәртебесі мен пәрменіне, әділеттіліктің үстемдігі мен үйлесіміне, конституциялық негіздеріне барынша екпін беріп, ықпал етуші орган ретінде әділет қызметкерлеріне құрметпен қараймыз. Өйткені әділет органы – елді тұрақтандыру, біріктіру, ықтымақтастыққа ұйысу секілді ортақ мүдденің қорғаушылары», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Салтанатты шарада мерекеге орай бірқатар әділет саласының үздіктері ҚР Әділет министрлігінің салалық медалімен, грамотасымен, Алғыс хатымен, облыстың «Құрмет» грамотасымен және облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Іс-шарада ҚР Әділет министрінің құттықтау хаты оқылып, өңірдегі департамент басшысы Ирина Бакишева әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.

Басқосу өнер жұлдыздарының мерекелік концертімен аяқталды.

Тағы да оқыңыз: