Бейсенбі, 19 маусым, 05:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының 70 жылдығы тойланды

02.06.2025

153

0

503031548 1006487141672530 266306031122973141 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Байқоңырдағы «Десятилетие» стадионында Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының 70 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Оған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Баканов, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Шара Байқоңыр кешеніндегі 14 ұйым мен мекеме ұжымдарының шеруімен басталды. Одан кейін екі елдің Мемлекеттік Гимндері орындалып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейнеқұттықтаулары көрсетілді.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.В.Скляр Байқоңыр – ғарышқа жол ашқан мекен, мерейтой Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықтың, ғылым мен техниканың жетістіктерінің жарқын көрінісі екенін айтты.

503184222 1006487065005871 4621375795645034284 n

Мерекелік шарада қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин жиналған жұртшылықты құттықтады. Сондай-ақ, Халықаралық ғарыш станциясының 73-экспедиция мүшелері – ғарышкерлердің арнайы бейнеқұттықтауы ұсынылды.

Мерекеде қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы ерен еңбегі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастығының орынбасары Ермек Искаков, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Николай Адасев,

«Құрмет» орденімен дәрігер Қарасай Нұров, әкімшілік қызметкері Скендір Жарекесов, Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Ғалия Жалғасбаева, «Ерен еңбегі үшін» медалімен облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Жан Шайхысламов, «Байқоңырэнерго» кәсіпорны бас инженерінің орынбасары Ғалымжан Жұмабаев,

«Шапағат» медалімен Аналар кеңесінің төрайымы Кенішкүл Есщанова марапатталды.

Сондай-ақ, бірнеше адам «Байқоңыр қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

Кеш отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасып, отшашумен аяқталды.

502551901 1006487398339171 342093459013393308 n
502555376 1006487278339183 1281157724214053856 n
502708739 1006487345005843 2484986746951642732 n
502586612 1006487201672524 5090677550486357110 n
503109783 1006487068339204 2641365263956325216 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика