Сенбі, 27 шiлде, 07:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31.05.2024

235

0

Қызылордада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих. Тағдыр. Тағзым…» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету шарасы өтті.

Қызылорда қаласының зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, азаматтық қоғам мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, жастар көшбасшылары саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қоюға жиналды.

Жиналған қауым ұлт мүддесін, елдің болашағы үшін күрескен асыл азаматтар мен есіл ерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тағзым ету барысында қатысушылар боздақтар рухына бас иіп, Сыр жұртшылығы атынан «Тағзым гүлі» қойылды.

Ұлт ұрпақтары атынан боздақтар рухына құран бағышталды.

Аға буын өкілдері жастарға мемлекетіміздің туын биік ұстап,   бейбіт күніміздің қадірін бағалау және өткен күннен сабақ алу қажеттілігі туралы өсиеттерін айтып тарқасты.

32f93439-d6d8-4ae7-9f0e-1afc857df0f8.jpg
403dc007-e9d6-4a2b-a4fd-418f9dedcc60.jpg
e49b9865-8c20-4c95-9c1b-c7c83b0ad791.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика