Дүйсенбі, 06 мамыр, 04:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Кітап фестивалі өтті

23.04.2024

109

0

Кітап фестивалі өтті

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “КІТАП шоу — 2024” кітап фестивалі өтті. 

Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындары және колледж студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты. 

Шарада басқарма басшысы М.Қазбекова сөз сөйлеп, кітап сүйер қауымды Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнімен құттықтады.

− Бүгін күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке. Дәл осы дата 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген. Осы ретте бізде кітап сүйер қауым үшін үлкен шара ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат –ұлттық және рухани құндылықтарымызды насихаттау, кітап оқитын азаматтардың санын арттыру, кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Егер өскелең ұрпақ дұрыс бағытта тәрбие алса, елдің болашағы жарқын болатынына сенімдіміз, – деді Мира Қазбекова.

Фестивальде «Жырлайды Сырдың жастары» жас ақындармен кездесу кеші, «Ертегілер елінде» ертегі кейіпкерлерінің шеруі, «Ақын-жыраулар жырлайды» атты жыр кеші, «Қолөнер – ұлт қазынасы» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, «Жаңа кітаптар әлемі» көрме-инсталляциясы, «Кітаптар әлемі шақырады» атты көрме-жәрмеңке, «Библио-coffee», «Білімділер алаңы» тақырыбында интеллектуалды ойындар т.б бағдарламалар ұйымдастырылды. Шара барысында жақсы көңіл күйге бөленіп, өз кезектерінде кітапсүйер оқырман осындай ерекше кештің куәсі болғаны үшін өз алғыстарын білдірді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: