Сәрсенбі, 29 мамыр, 01:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Әлімсақ» журналына – 15 жыл

11.04.2024

142

0

«Әлімсақ» журналына – 15 жыл

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытты ұстанған «Әлімсақ» журналына 15 жыл толуына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, ардагерлер, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Кеш барысында сатирик, ҚР ІІМ-нің Еңбек және Құрметті ардагері, Қызылорда облысы Полиция департаментінің ардагері Қазыбек Әшірбекұлы, жазушы, «Парасат» орденінің, Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері Сайлаубай Жұбатырұлы, ардагер ұстаз Алпысбай Шүкіров, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Айжан Жұмабекқызы және Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейінің басшысы Көзейбаев Сапар Әлиясқарұлы құттықтау сөз сөйлеп, сый-сияпат көрсетті.

М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенттері Н.Көбегенұлының «Ұшты-ұшты… Каzsат ұшты» әзілінен қойылым қойып, «Әлімсақ» журналының әнұраны шырқалды. Бірнеше конкурстың жүлдегері, жыраулық өнерімен халық әндерін алыс-жақын шетелдерге насихаттап жүрген Марат Сүгірбай әннен шашу шашты.

«Әлімсақ – руханият айнасы» тақырыбындағы кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

434507619_3785962475059686_635320297492590510_n.jpg
434489982_3785962478393019_9021808989366121445_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: