Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жалдамалы пәтерақының 50 пайызын мемлекет төлейді

01.02.2022

304

0

Kyzylorda-news.kz. Табысы 1 күнкөріс деңгейінен төмен 70 мың адамға жалдамалы пәтерақының 50 пайызын мемлекет төлейді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір елімізде 590 мыңдай адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 210 мыңы халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына жатады.

Олар:
-Көпбалалы отбасылар
-I және II топтағы мүгедектер;
-Жетім балалар;
-Мүгедек балалары бар отбасылар.

Олардың ішінде табысы 1 күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңдай азамат қысқамерзім ішінде баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Осы 70 мың адамға қолдау көрсету үшін 50 млрд теңге қажет»,- деді Қайырбек Өскенбаев.

Тағы да оқыңыз: