Сейсенбі, 27 ақпан, 23:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Үлгілі елді мекендер мен коммуналдық мекемелерге жаңа техника табысталды

05.12.2023

112

0

jana_tehnika_tabystaldy

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» конкурсының жеңімпаздарына, «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ мен «Қызылорда тазалығы» ЖШС-на автокөліктер табыстады.

«Президент бастамасымен жыл сайын елімізде «Бірге:Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Биыл акцияға облыстың 11 мыңнан астам тұрғыны ерікті түрде қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосты. Осы ретте ауыл-аймақты көркейтуге, көгалдандыруға белсенді қатысатын елді мекендерді ынталандыруды қолға алдық. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттап, «Үлгілі елді мекен» конкурсын ұйымдастырдық. Биылғы бірінші жартыжылдықта өткен конкурсқа аймақ халқы белсенді қатысып, жеңімпаз 6 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 14 арнайы техника берілді. Қызылордалықтардың белсенділігін ескере келе конкурсты күзде екінші мәрте ұйымдастырдық. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы аудан орталықтары мен ауылдар арасында дәстүрлі түрде жалғасады. Бүгін тапсырылған техникалар мен автокөліктер тұрғындардың қызметіне жарасын», – деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.

Азаматтық қоғам өкілдерінен құралған комиссия мүшелері «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша үшінші орынға Жаңақорған ауданы Жаманбай батыр ауылдық округіне қарасты Бесарық ауылын, екінші орынға Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Дүр Оңғар ауылын, ал бірінші орынға Сырдария ауданы, Бесарық ауылын лайық деп тапты. «Үлгілі аудан орталығы» номинациясы бойынша үшінші орын Арал қаласына бұйырды. Екінші орынға Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті орналасты. Бұл номинацияда Шиелі кенті үздік танылып, бірінші орын алды. Жеңімпаздарға 15 техника табысталды.

Мұнан бөлек, іс-шарада «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне құны 200 млн теңге болатын 16 автокөлік және «Қызылорда тазалығы» ЖШС-на 434,5 млн. теңгенің 7 аралас жол көлігінің сертификаты табысталды.

Қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының және Қазалы, Арал аудандарының Құрметті азаматы Айтбай Көшербаев жерлестерін құттықтап, игі тілек білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін облыс орталығындағы қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін 300 автобус сатып алуға келісім-шарт жасалды. Мұнан бөлек, мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 45 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 95 техника, құқық қорғау органдарына 92 және ветеринария мамандарына 30 қызметтік автокөлік берілді. Облыстық бюджеттен «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы мен жылу-электр орталығына 943 млн. теңгеге арнайы техникалар сатып алынбақ.

408106326_653395583648356_225938297391992159_n.jpg
408079576_653395406981707_1933982284082704566_n.jpg
408096141_653395530315028_7119239383465115925_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: