Сәрсенбі, 30 қараша, 11:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Төтенше жағдайға байланысты бірнеше бағыттағы пойыз қозғалысы уақытша тоқтады

05.01.2022

125

0

Kyzylorda-news.kz.  Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Мақат пен Жем станциялары арқылы өтетін теміржол қозғалысы тоқтады.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісіліп, Алматы 1, Алматы 2, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан станцияларынан шығып, Мақат және Жем станциялары арқылы өтетін жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтады», – деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық компания мәліметінше, 4-нен 5 қаңтарға қараған түні аталған бағыттар бойынша 14 пойыз діттеген жеріне жетпеді. Қазіргі күні пойыздар станцияларда тұр. Жолаушылар азық-түлік және сумен қамтамасыз етілді. Билет құны толықтай қайтарылып жатыр.

Сонымен қатар 5 қаңтарында 46 жүк пойызы уақытша тоқтады. Жағдай «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы жедел штабының бақылауында.

ҚТЖ жол жүруді кейінге қалдыруға және бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.

«Бұл шаралар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Sputnik Қазақстан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: