Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тасбөгет кентінде 53 отбасына тұрғын үй кілті табысталды

09.01.2024

223

0

Тасбөгет кентінде 53 отбасына тұрғын үй кілті табысталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде 53 отбасына тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев та қатысты.

«Халықты баспанамен қамту — мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты. Жыл сайын аймақта пайдалануға берілген тұрғын үй саны артуда. Өткен жылы 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынды. Осылайша 2400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Биыл мемлекеттік бюджеттен 14,3 млрд. теңгеге 1890 пәтерлік 70 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның 16-сы жеті қабатты болады. Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», – деп атап өткен еді. Былтыр аймағымыздың барлық ауданында 450-ге жуық отбасы баспана қуанышына кенелді. Бүгін Тасбөгет кентінде 53 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл — тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев пен Мархабат Жайымбетов баспана кілтін алған тұрғындарды құттықтады. Қоныстой иелерінің атынан мектеп мұғалімі Мереке Тауманова қуанышын жеткізіп, аймақ басшысына алғыс білдірді.

Іс-шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кент тұрғындары мен құрылысты сапалы салуға атсалысқан мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.

417403900_672866828367898_4464671184890110838_n.jpg
417368240_672866525034595_723247196055241335_n.jpg
417498509_672866568367924_1525581804633643548_n.jpg
417453309_672867018367879_8583187177646219783_n.jpg
417431743_672866328367948_2258079394704287896_n.jpg
417373384_672866785034569_5811491693827286199_n.jpg
417396839_672866688367912_5775748133149055373_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: