Сенбі, 27 шiлде, 08:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сырдария және Шиелі аудандарының әкімдері сайланды

06.11.2023

161

0

Күні кеше өңірдегі Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 72503 азамат енген. Дауыс беруге 53866 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 718 азамат қатысқан. Кандидаттардың жалпы саны — 6.

Сырдария бойынша Ерлан Бакиров  үшін сайлаушылардың 1319 дауысы берілсе,  Бауыржан Қарсақбаев сайлаушылардың 1176 дауысын алған. Ал Берік Сарменбаев  үшін сайлаушылардың 13386 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.

Шиелі бойынша Нұржан Ахатовқа сайлаушылардың 32637 дауысы берілсе, Алмасбек Есмаханов 3143 дауыс алған. Үшінші кандидат Нұрғали Қордабай 2083 дауыс жинаған. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 3.

Қорытындысында Сырдария ауданы бойынша 1963 жылы туған Берік Сәрменбаев әкім болды.

Шиелі ауданы бойынша 1978 жылы туған Нұржан Ахатов  әкім болып сайланды. 

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика