Сәрсенбі, 29 мамыр, 14:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сырдария мен Шиелідегі барлық дауыс беру учаскелері сайлау өткізуге дайын

03.11.2023

156

0

audan_akimin_sailau

Осы жексенбі яғни 5 қараша күні алғаш рет Сырдария және Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өтеді.

Пилоттық сайлауға 2 ауданнан кандидат ретінде 6 азамат тіркелді. Олардың 2-і саяси партия атынан, 4-і өзін-өзі ұсынды.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, 2 ауданда 70 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге қатысады. 
Сайлау күні Сырдарияда — 18, Шиеліде — 40 учаске, барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады. 

Барлық дауыс беру учаскелеріндегі кабиналар талапқа сай жабдықталды. 

Мүгедектігі бар азаматтар үшін трафареттер және аудио нұсқадағы бюллетень толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар таратылды.
Барлық сайлаушылар үшін қағаз түріндегі шақыру қағаздары және байланыс операторларымен жүргізілген келісім-шартқа сәйкес барлық сайлаушылар үшін арнайы «смс хабарлама» жөнелтілуде. 

Дауыс беру күні 2 аудандағы 16 учаскеде онлайн сервис қолжетімді болады.
Сайлау күні заң бұзушылықтарды болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құқық қорғау органдары өкілдерінен арнайы кезекшілер бекітілді. 

Жексенбі күні өтетін пилоттық сайлауға Сырдария және Шиелі ауданы дайын.

Тағы да оқыңыз: