Сәрсенбі, 22 мамыр, 06:51

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінде «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы басталды

30.11.2023

250

0

anaga_tagzym_forumy

Бүгін Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумының пленарлық отырысы өтті.

Үшінші республикалық форумның Сыр өңірінде өтуінің символдық мәні бар. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей ұсынысымен, меценаттар қолдауымен қыркүйек айында Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығы ашылып, бүгінде жұмысы қарқынды жүруде.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, өңірлерден, аудандардан делегациялар, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар қатысты. Барлық өңірлердің Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, аудандардағы әйелдер кеңестерінің мүшелері онлайн режимде қосылды.

406352132_650760260578555_1679523674498456560_n.jpg

Қонақтар үшін Сыр елінің өнерлі қыз-келіншектері жасаған өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түйе және ешкі сүтінен жасалған табиғи сабын, ұлттық киімдер мен әшекейлер, түрлі техникалармен салынған картиналар және өзге де ерекше бұйымдар қойылған.

406328505_650759993911915_4468172596499973878_n.jpg

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта отбасы және аналар мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Биыл қыркүйекте Қызылорда қаласында заманауи әрі көпфункциялы «Анаға тағзым» орталығы пайдалануға беріліп, қыз-келіншектердің рухани ордасына айналды. Облысқа жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы орталықпен танысқан соң, «Расында, ұлттық салт-дәстүрімізді, болмысымызды, тіліміз бен дінімізді терең насихаттауымыз керек. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарасымыз айқын болуы тиіс», – деп жоғары бағасын берді.

406260612_650760617245186_1657828377111432797_n.jpg

«Анаға тағзым» орталығы – балауса қыз баладан ардақты асыл әжеге дейін бас қосатын тәрбие мектебі. Осы жерде ақылды да парасатты аналардың, инабатты келіндердің өнегелі ісінен, салмақты сөзінен үлгі алатын жастар қатары көбейері сөзсіз.

Бүгінде тұрмыстық қиындыққа тап болған аналар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында 7 аудан мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларында «Бақытты отбасы» бөлімдері ашылды.

Орталықтарда заңгерлік және психологиялық көмек көрсетуден бастап, кәсіпкерлік негіздерге оқыту, бизнес-жоспар құруға, грант немесе шағын несие алуға құжат рәсімдеуге жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және өзге де қызметтер кезең-кезеңімен көрсетіледі. Оған қосымша 114 жедел әрекет ету тобы құрылды. Бұл топ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға дер кезінде көмектесуді көздейді», – деді аймақ басшысы.

406236130_650760613911853_6106977997624172307_n.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жалпыұлттық жобасы туралы баяндап, оның ерекшеліктерін таныстырды.

Маңызы ерекше іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбденнің форум қатысушыларына арналған бейнеқұттықтауы көрсетілді. Сондай-ақ, Павлодар облысы әкімінің әйелдер істері жөніндегі кеңесшісі, ұлағатты ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжамал Максилова, Түркістан облысының Ата-аналар одағының төрағасы, отбасылық коуч Ақбаян Жақыпова, «Қазақстан барысы – 2022» жеңімпазы Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуаңбаева, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанова форум туралы пікір білдірді.

406245510_650759750578606_8270256701049661403_n.jpg

Іс-шара соңында байрақты бәсекелерде көк Туды биікте желбіретіп, елімізді төрткүл әлемге танытқан спортшыларды, өнер байқауларында облыс абыройын асқақтатқан ақындарды дүниеге әкелген аналар, демографияға, қайырымдылыққа атсалысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында белсенділік танытқан қыз-келіншектер түрлі номинациялармен марапатталды. Мәселен, үш дүркін «Алтын домбыра иегері» Мұхтар Ниязовтың анасы Жұмакүл Оңғарбаеваға «Жұлдызды ана» номинациясы, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевтың анасы Ұлбосын Алыпқашоваға «Байрақты ана» номинациясы, ал «Қазақстан барысы-2022» Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қаратаеваға «Ұлықты ана» номинациясы табысталды.

Айта кетейік, форум қонақтарына екі күндік бағдарлама аясында «Анаға тағзым» орталығымен танысу, форсайт сессиялар мен кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылады.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

406245960_650760713911843_3462990700775704783_n.jpg
406382493_650759777245270_6121505240158906863_n.jpg
406358621_650760127245235_3391099107146144720_n.jpg
406348261_650760233911891_1634942466683064603_n.jpg
406358603_650759837245264_9061263014528547426_n.jpg
406346030_650760370578544_1292317740802772406_n.jpg
406375954_650759903911924_1410530558778098289_n.jpg

Тағы да оқыңыз: