Бейсенбі, 02 мамыр, 04:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сүт өнімдерін белгіленген бағада сату мақсатында шарт жасалды

17.01.2024

99

0

Сүт өнімдерін белгіленген бағада сату мақсатында шарт жасалды
Фото: «Байқоңыр» ӘКК

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы мен «РЗА-СҮТ» ЖШС арасында қарыз шарты жасалды.

«Қарыз шарты негізінде жергілікті тауар өндіруші «РЗА-СҮТ» ЖШС 171 тонна пастерленген сүт (2,5%), 171 тонна айран (2,5%), 17 тонна сары май, 17 тонна сүзбені 2024 жылдың аяғына дейін қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйіндегі әлеуметтік бұрыштарға жеткізеді. Осы орайда тұрғындарға 2,5% сүт — 360 теңгеден, 2,5% айран – 420 теңгеден және 5-9% сүзбе – 1760 теңгеден, ал 82,5% сары май – 3550 теңгеден сатылатын болады», делінген «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: