Жұма, 04 қазан, 17:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

05.11.2023

170

0

Бүгін Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары Президент бастамасымен қолға алынған пилоттық аудан әкімі сайлауында дауыс беріп, ерекше белсенділік танытты.

Таңсәріден ерте келген сайлаушылар маңызды күнде ауызбіршілік танытып, аудан игілігі үшін елеулі қадам жасады. 

Сағат 20.00-де барлық дауыс беру учаскелері жабылып, өз жұмысын аяқтады. 

Енді комиссия мүшелері дауыстарды санау жұмыстарына кірісіп, қорытынды ақпаратты жариялайды. 

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген. 
Екі ауданда барлығы 58 сайлау учаскесі құрылып, 388 комиссия мүшесі қызмет жасауда.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика