Сенбі, 27 шiлде, 08:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық құтқарушылар «Қазқұтқару-2023» халықаралық оқу-жаттығуы жиынының жеңімпазы

22.09.2023

229

0

Қызылордалық құтқарушылар Алматы облысында өткен «Қазқұтқару-2023» халықаралық оқу-жаттығуы жиынының жеңімпазы атанды.

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен еліміздің төтенше жағдай саласының қызметкерлері бақ сынаған тартысты бәсекеде Қызылорда өңірінен қатысқан құтқарушылар озат атанды, нағыз құтқарушыға тән кәсіби біліктілікті, шапшаңдықты, ептілікті, жоғары дайындықтарын көрсетті.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қызылордалық құтқарушылар І орынды иеленді. Олар өткен жылғы «Қазқұтқару-2022» республикалық оқу-жаттығуы жиынында ІІ орын алған.

Жарысқа қатысушылар «Техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета» және «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» секілді дистанцияларда бақ сынаған.

Сонымен бірге биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі — еріктілердің республикалық форумының да өтілуі болды.

kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика