Бейсенбі, 25 сәуiр, 16:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады

27.12.2021

320

0

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне арызданған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қазалы ауданы мен Ақай ауылының  тұрғындарынан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар 3 бас жылқы малын ұрлап, ет өнімдерін Қазалы ауданы мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындарына өткізген.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  188-1 бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі  тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер Қазалы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде  16-шы калибрлі 1 дана аңшы мылтығы, ет өнімдері және Уаз 3163 «Патриот» маркалы автокөлігі тәркіленді», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: