Жексенбі, 28 сәуiр, 21:10

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық 8 ғалымға жалпы қоры 10 млн теңгенің грант сертификаты табысталды

15.12.2023

184

0

8_galymga_grant

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған ректор гранты конкурсының жеңімпаздары анықталды. Байқауға университет бойынша 18  жоба ұсынылып, оның ішінде 8 жас ғалымның жобасы үздік деп танылды.

Конкурс талабына сәйкес, 40  жасқа дейінгі ғалымдар мен 1,2 курс докторанттары зерттеу жұмыстарын ұсынды. 
Айталық, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының ғылыми қызметкері Индира Еспанова күріш сабанынан алынған целлюлозаны химиялық модификациялау арқылы өнімдер алу жобасын ұсынды.

 Зертхананың ғылыми  қызметкерлері осыған дейін күріш сабанынан целлюлоза алудың оңтайлы жағдайларын зерттеген болатынбыз. Енді осы ауылшаруашылық қалдықтарынан алынған целлюлозадан карбоксиметилцеллюлозаны алуды ойлап таптық. Бұл өнім негізінен үй түсқағаздарына арналған желім жасауға, мұнай, жер асты кенін өңдеуге, медицинада дәріні тасымалдау  және т.б. көптеген салада қолданылады.
Сондай-ақ, карбоксиметилцеллюлозадан гидрогель алуға болады. Бұл  өнім – медицинада (гель, мазь жасауға) көп қолданылады. Бірақ көбіне ауылшаруашылық саласында, топыраққа қосу арқылы пайдаланамыз. Гидрогель ауадағы және жауын-шашыннан келген ылғалды бойына сіңіреді де,  өсімдіктің бойына таратып отырады. Бұл біздің өңіріміз үшін өте маңызды,  өсімдікті суармай өсіріп алуға мүмкіндік береді. Гидрогельдің өсімдікке де, қоршаған ортаға да зияны жоқ, – деді жас ғалым.

Ал, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Жақыпова қазақстандық техногендік және сапасыз табиғи шикізатты пайдалана отырып, жақсартылған жол ұсақ түйіршікті бетон алу технологиясын әзірлеу жолдарын ұсынды.

Жыл сайынғы жас ғалымдарды қолдау мақсатында берілетін университет грантының ережесіне сәйкес үздік деп аталған 8 жобаның авторларына 1250000 теңгеден грант сертификаты табысталды. Олардың ішінде 5 жаратылыстану-техникалық бағыттағы зерттеу, 3 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы зерттеу бар. 

Жобалары үздік деп танылған ғалымдар зерттеу жүргізумен қатар халықаралық ғылыми басылымдарға мақалалар жариялауы қажет. 
Айта кетейік, 2021 жылы – 4, 2022 жылы 6 жоба авторы университеттің грантын иеленді. Жас ғалымдарға арналған конкурс дәстүрлі түрде 3 жылдан бері жалғасын тауып келеді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: