Сенбі, 27 шiлде, 19:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Көк тудың желбірегені» дәстүрлі жалпыұлттық акциясы өтті

04.06.2024

168

0

Қызылордада «Көк тудың желбірегені» дәстүрлі жалпыұлттық акциясы өтті

Бүгін Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның және аймақтың дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен, автошерумен жалғасты. 

Айта кетейік, мерекеге орай облыстағы ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, теле-радио арналарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалды.

Қала және аудандарда ғимарат терезелеріне, балкондарда Мемлекеттік Ту ілінетін «Туымыз – төрімізде» флэшмобы ұйымдастырылуда.

Әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» челленджі іске қосылды.

Өңірде Елтаңба авторларының бірі, жерлесіміз, танымал сәулетші Жандарбек Мәлібековтің, Мемлекеттік Тудың авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің еңбектерін насихаттауға арналған іс-шаралар кең көлемде өткізілуде.

Жазғы балалар лагерлерінде «Отанды сүю – жүректен» атты патриоттық шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, барлық елді мекендердегі «ҚР Рәміздері аллеялары» мен «ҚР Рәміздері алаңдарында» тұрғындардың, жастар мен волонтерлердің қатысуымен шаралар өтті.

447634742_757946279859952_8306320073763192268_n.jpg
447777687_757945463193367_737480288501162165_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика