Жұма, 04 қазан, 16:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қызылорда-Жезқазған» автожолы жұмыстарына мониторинг жасалды

02.11.2023

216

0

qyzylorda-jezqazgan_tas_joly

Партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов пен облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Батырхан Базарбаевпен бірге «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолы жұмыстарына мониторинг жасап, жол сапасы, мердігер мекемлер тарапынан мамандар мен құрылыс базаларын орналасуы, арнайы техникалар мен құрылыс материалдарының жеткізілуі сонымен қатар құжаттамалардың рәсімделуін қадағалады.

Жалпы Қызылорда облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы желісі 1014,5 км құрайды. Соның ішіндегі 204 км «Қызылорда-Жезқазған» автожолы.

Жалпы жобада: ені 7 метр болатын III техникалық автомобиль жолын ені 9 метр болатын II техникалық санаттағы жолға ауыстыру қаралған және толығымен жарықтандырылған Iб снаттағы Қызылорда қаласының айналма жолын салу, 2 дана жол айрығы (транспортная развязка), 2 дана ауыл шаруашылық техниклары мен үй жануарларына арналған жол өткелдері, су арналарына өтетін 3 дана көпір, 2 дана көп функцианалды аралық бақылау (салмақ, габарит, жылдамдық) өлшейтін аркалар, заманауи жылы 5 дана дәретханалар, 5 дана демалыс алаңдары, 56 дана суөткізгіш құбырлары, 10 дана мал өтклдері, 117 дана жолдың қиылысулары және түйісулері қарастырылған.

Мониторинг барысында кеңес мүшелері мердігерлерге қаражаттың тиімді жұмсалуы мен жол сапасының дұрыс болуын қатаң тапсырды. Сонымен қатар жол құрылысы аяқталғанша «AMANAT» партиясының бақылауында болатындығы ескертілді.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика