Жұма, 12 сәуiр, 20:32

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

10.01.2024

137

0

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қызылорда қаласының әкімі болып Серік Қожаниязов тағайындалды.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында туған. 1989 жылы Кузбасс политехникалық институтын (РФ) инженер-механик, 2002 жылы Л.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетінің Қызылорда филиалын экономист-қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласында № 2 механикалық-жөндеу зауытының инженер-технологы, учаске шебері болып бастаған.

1992-1999 жылдары «Серік» шағын кәсіпорнының, «Арко-инвест» инвестициялық жекешелендіру қорынының директоры, 1999-2001 жылдары Қызылорда қаласының әкімі жанындағы «Қалалық бизнес орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының және Қызылорда облысы әкімінің жанындағы «Инвестиция тарту және құнды қағаздар рыногын дамыту орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Қызылорда қаласындағы «Сенім» ашық зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-ның бас менеджері қызметтерін атқарған.

2001-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болды.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, осы  бөлім меңгерушісінің орынбасары, одан әрі Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Перзидентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінде болып, 2019-2022 жылдары дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі лауазымын атқарған.

2022 жылдың 24 маусымынан бастап Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: