Сейсенбі, 23 шiлде, 18:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласы тұрғындары ыстық су қызығын қашан көреді?

11.11.2023

297

0

ystyq_su

Қызылорда тұрғындары қолын қашан жылы суға малады. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Президент өңірге келген кезде қала тұрғындарының өтінішін жеткіздім. Ол үлкен мәселе — Қызылорда қала болғалы жылы су жоқ. Көкшетауда да осы мәселе өзекті болып тұр. Басқа өңірдің бәрінде бар. Аристонның көмегімен су жылытып пайдаланады. Тұрғындардың осы өтінішін Мемлекет басшысына жеткіздім. Президент Үкіметке әкімшілікпен бірлесіп, тездетіп жоба жасауға тапсырма берді. Мемлекет басшысының үлкен қолдауымен келесі жылға 11,5 млрд, 2025 жылға 11,45 млрд теңге бөлінейін деп жатыр. 2 жылдың ішінде Қызылорда қаласын жылы сумен қамтамасыз етеміз. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы қабылдаған үлкен тарихи шешім болды», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сонымен қатар ол «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» жолының Қызылорда облысының 5 ауданы аумағынан өтетін 566 шақырымы екі жолақты екенін, осы мәселені де Президентке жеткізгенін айтады. 

«Қызылордадан Түркістанға дейін, Түркістаннан Алматыға дейін бұл жол 4 жолақты, бірінші санатты болып есептелінеді. Ал Ақтөбе облысына дейін 2-санатты. Оның бойында 5 ауданымыз орналасқан. Бұл учаскеде жол апаты жиі болып жатыр, адам шығыны да көп. Күніне 10 мың көлік қатынайды. Өңіріміздің ғана емес, Ресейдің, Еуропаның қаншама көлігі жүк тасымалдайды. Осы мәселені де көтеріп, Мемлекет басшысына жерлестеріміздің өтінішін жеткіздім. Президент Үкіметке аталған учаскені 1-санатқа ауыстыруға, алдағы 2-3 жылдың ішінде салып бітіруге тапсырма берді», — деді өңір басшысы.

syrboyi.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика