Бейсенбі, 07 қараша, 08:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының тәжірибесі басқа аймақтарға таратылды

25.11.2023

208

0

Қызылорда облысының тәжірибесі басқа аймақтарға таратылды

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин облыс әкімдігінде құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді.

 Іс-шараға министрлік өкілдері, республикалық мекеме басшылары, еліміздің барлық өңірінен құрылыс және энергетика саласына жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және орынбасарлары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері қатысты.

Жиын сапалы аумақтық жоспарлауға, коммуналдық және тұрғын үй инфрақұрылымын тиімді дамытуды қамтамасыз етуге,  құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ұсынымдар айтуға, тәжірибе алмасуға арналды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз баяндамасында Сыр өңірінде жүзеге асырылған жобаларды таныстырып, әріптестерін тәжірибе бөлісуге шақырды.

«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы арқасында өңірімізде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты. Облыс өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, негізгі капиталға тартылған инвестиция мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшылардың қатарында. Өткен айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Аймақтың даму бағытына жоғары бағасын берді. Құрылыс, энергетика салаларында да оң қарқын бар. Биыл бюджет қаржысына  1346 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй салынуда. «Сыр жастары» арнайы бағдарламасын қабылдап,  100 жас отбасыға алғаш рет тұрғын үй табыстамақпыз. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1 302 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде биыл 2708 пәтер беріліп, 12 мыңнан аса тұрғынның баспана мәселесі шешіледі. Алдағы жылы 1594 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы  жүргізіледі», – деді аймақ басшысы.

FB_IMG_1700848125274.jpg

Нұрлыбек Машбекұлы өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында және жеке инвестиция есебінен салынған әлеуметтік нысандар, демеушілер көмегімен қолға алынған игі жобалар туралы баяндады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр орталығының іргетасы қаланды. Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба электр энергиясын сырттан сатып алудан арылтып, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік бермек.

Президент тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 21 мектеп салынады. Жоба құны – 98 млрд теңге. Қазір 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, қалған 11-і келесі жылы басталады. 2025 жылы толық тапсырылады. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында 400 орындық оқу ғимараты және 300 орындық жатақханасы бар физика-математика бағытындағы мектеп-интернат бой көтеруде. 

Мұнан бөлек, Қызылорда қаласындағы 4 іргелі мектептің жанынан 2 000 орынға арналған қосымша ғимараттар салынды. Осылайша балалар қатынауына жақын, ыңғайлы  мектепке барды әрі бюджет қаражатын үнемдеу мүмкіндігі пайда болды.

Облыс орталығында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда  100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Медициналық ұйымдарды сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында құны 2,9 млрд теңгені құрайтын Қан орталығының құрылысы жүргізілуде.  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысан салынады. Оның 15-і желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде тапсырылады. Жыл соңына дейін облыстық көпбейінді аурухананың жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық халық игілігіне беріледі.

Құны 20,9 млрд теңге болатын 7 мың орынға арналған Орталық стадион, сондай-ақ, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Аудандарда 11 дене шынықтыру кешені құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінді. Оның 6-уы тапсырылды, қалғаны жақын күндері пайдалануға беріледі. Құны 1,6 млрд теңгенің Отбасы орталығы өз қызметін бастады, 3,7 млрд теңгеге салынған Өнер орталығы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Келер жылы 7 ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынады.

Облыста негізгі капиталға салынған инвестиция 2021 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өсіп, 472 млрд теңгені құрады. Оның 74 пайызы –  жеке инвестициялар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсету бастамасын қолдаған демеушілер есебінен 37,5 млрд теңге қаржы тартылды. Оған қоса құрылыс, жол компаниялары және кәсіпкерлердің қолдауымен 3,3 млрд. теңгеге 630 жобаның құжаттамасы әзірленді.

Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту саласындағы аймақтың оң тәжірибесін бөліскен облыс әкімі сөзінің соңында Қызылорда облысына арнайы келіп, министрліктен, барлық өңірден өз саласының тәжірибелі азаматтарын жинап, жиынды ұйымдастырған вице-министрге алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Тимур Қарағойшин өңірдегі қарқынды жұмыстарды ерекше атап өтті.
Жиын барысында бірқатар сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді таныстырды.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

FB_IMG_1700848097745.jpg
FB_IMG_1700848133303.jpg
FB_IMG_1700848105644.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика