Жексенбі, 21 сәуiр, 07:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының әлеуметтік саласында әлеуетті істер атқарылуда

29.10.2023

243

0

Облыстық әлеуметтік қорғау саласында биыл ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Сала мамандары халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағытында нәтижелі іс-шараларды жүзеге асырды. Бүгінгі күні әлеуметтік салада 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді, деп хабарлайды Kazinform.

Облыс орталығында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін орталығы ашылды. Ал бұған дейін Қызылорда қаласы мен барлық аудандағы халықты жұмыспен қамту орталықтары енді «Мансап орталығы» болып қайта құрылды. Облыста 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 27 мыңнан астам азамат еңбекпен қамтылды.

Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 54,2 мың адам қатысып, оның 8,1 мыңы бос жұмыс орынға, 14,9 мыңы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Ал 722 адам қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашты.

Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасына сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алуға 378 жас бизнес жобаласын ұсынды. Олардың жалпы құны 1,7 млрд теңгеге жуық. Аталған жобалар іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, оның ішінде 258 жас кәсіпкер 1,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Сондай-ақ, 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмаға сәйкес биыл облыста 10651 жұмыс орнын құру жоспарланған еді. Қазірге дейін жылдық жоспар 9284адамға (87,2 пайыз) орындалды. Оған қоса «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 2135 адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағытында Солтүстік өңірлерге бүгінгі күні құрамында 365 мүшесі бар 96 отбасы қоныс аударды. Олардың арасынан еңбекке жарамды 124 адам тұрақты жұмысқа, 2 қоғамдық жұмысқа тартылып, 6 адам кәсіпкерлікпен қызметпен айналысуда.

Бұл жоба өткен жылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жаңаша форматта жүзеге асырылуда. Осыған орай биыл 23-27 мамыр аралығында Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарынан жұмыс беруші өкілдері облысқа келіді. Нәтижесінде Қызылорда қаласы және барлық ауданда «Солтүстік өңірлердің бос жұмыс жәрмеңкесі» атты акция өткізді.

Өткен жылы солтүстік өңірлерге облыстан 187 отбасы қоныс аударған. Олар Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай мен Ұлытау облыстарына қоныстанды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасты.

«Солтүстік өңірлерде 3 мыңға жуық экономиканың әртүрлі салалсы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, зоотехник, механизатор, техника қауіпсіздігінің инженері, инженер-механик, көмір және цемент зауытының машинисі, электргазбен дәнекерлеуші, Орау машинасының операторы, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері оқытушы, құрылыс және монтаждау жұмыстарының шебері сынды мамандықтар жоғары сұранысқа ие. Мұнымен бірге кең профилді станокшы, техник, аспазшы, жүргізуші, автоэлектрик сияқты мамандардың да жұмыссыз қалмасы анық» дейді сала мамандары.

Биыл маусым айына дейін солтүстік өңірлерге 56 отбасы бет түзеді. Бұл отбасылардың құрамында 186 адам бар. Аталған азаматтар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарына баруды жөн санады.

Биыл Қызылордада Еңбек күніне арналған «Адал азамат – Адал еңбек» тақырыбында салтанатты шара өтті. Басқосуда «Таң ЛТД» ЖШС бас агрономы, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпазы Е. Ақбергенов, облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы М. Бәйімбетов және облыстық кәсіподақтардың жастар қанатының өкілі Р. Шарапат өз ұсыныс-пікірімен бөлісті.

Жыл сайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы күн қарсаңында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындау үшін «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Биыл бұл байқауға облыстан 26 азамат қатысты. Байқау нәтижесінде «Үздік еңбек әулеті» номинациясын қызылордалық Атшыбаевтар әулеті жеңіп алды. Бұл әулетте 10 адам мұнай-газ саласында еңбек етеді, барлығының жиынтық еңбек өтілі 304 жылды құрайды. Есімдері еліміздің «Алтын картасына» және Атырау облысындағы мұнайшылар әулеттердің Құрмет тақтасына енгізілген.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойыншажекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 13 658 адамға 941,1 млн теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді. Бюджеттен тыс көздерденаз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүгедек және жалғыз басты қарт 12 487 адамға 183,3 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 27546 мүгедектігі бар адамдардың 24148-і оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Өңірде халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу басты міндеттердің біріне айналған. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің осы бағыттағы тапсырмасын орындау үшін «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» жүзеге асырылуда. Қазір жылдық меже 84,2 пайызға орындалып (жоспар 43 898), 36 967 жұмыс орны ашылды. Ал аймақтың 2930 тұрғыны ұлттық жобалар шеңберінде ашылған жаңа жұмыс орындарына тартылды. Оған қоса 8397 азамат еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарына орналастырылды.

Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің жеке бастамасымен 9503 азамат жұмысқа орналасты. Кәсібін жүргізуді көздеген 722 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алды. «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» арқылы өңірдің 15042 тұрғыны субсидияланған жұмыс орындарымен қамтылды. Жұмыспен қамтылған азаматтарға міндетті зейнетақы жарнасы 91 пайыз аударылып, 96 пайызының электрондық еңбек келісім-шарттары тіркелді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастарға жан-жақты қолдау көрсету үшін жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілуде. Жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін 373 жас кәсіпкерге 1 млрд 787,4 млн. теңгенің несие портфелі мақұлданып, оның ішінде 281 жас кәсіпкердің жалпы құны 1 млрд 242,5 млн теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды. Осылайша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызға (республика –3,6%) төмендеп, жыл соңына дейін жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып (республика – 4,9%) деңгейінде сақталады.

Биыл Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында «Мүмкіндіктер керуені» ұйымдастырылды. Мүмкіндіктер алаңында жастарға сала мамандар «Syr Jastary» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы, жас отбасыларға тұрғын-үй алу мүмкіндігі, кәсіпкерлігін дамыту, денсаулығы, жастарға арналған жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие беру, 18-35 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың бастамаларын қолдауға бағытталған «Zhas Project» жобасы бойынша түсініктемелер, кеңес берілді. Кездесу соңында жастар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.Бүгінгі күнге өңірде 32 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркеуге қойылған. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6165 бала бар. Көмекке көбірек мұқтаж, яғни I топтағы 3800, II топтағы 10454 және III топтағы 12063 адамға тиісті жәрдем көрсетіліп келеді.

Мүгедектігі бар адамдар абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, оңалтудың техникалық және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық жолдамамен, протездік-ортопедиялық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметімен толықтай қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 20 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдардың 16365-і оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстың орындалуы бойынша облыс еліміз бойынша алдыңғы орындарда келеді.

Биыл облыс әкімінің қолдауымен 2023-2024 оқу жылына арналған 100 оқу гранты бөлінді. Атап айтқанда, салалар бойынша білім беру – 49, денсаулық сақтау – 15, су шаруашылығына – 8, ауыл шаруашылығына – 8, инженер саласына – 4, электр энергетика – 4, хореография – 3, құрылыс, жерге орналастыру, ақпараттық технологиялар және дін– 2 грант бөлінсе, ал азық-түлік өнімдерін өндіруге – 1 оқу гранты тағайындалды. Облыс әкімінің оқу грантына әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал тобынан шыққан талапкерлер ғана үміткер бола алады. Осындай қамқорлықтың арқасында қызылордалық жастар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне және басқа да жоғары оқу орындарына жолдама берілді.

Айта кетсек, соңғы он жылда еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 1 303 студент облыс әкімінің грантын иеленген болатын. Оның 881-і оқуды бітіріп, 406-і жұмыспен қамтылған.

Тағы да оқыңыз: