Жұма, 29 наурыз, 07:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысының әкімі студент жастардың газетке жазылуына субсидия бөлмек

25.01.2023

160

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 5 мың студенттің газетке жазылуына субсидия бөлмек. Бұл туралы Астанада Өңірлік мерзімді басылымдар форумында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

Жастар газет оқудан, руханияттан алшақтап бара жатқан заманда Қызылорда облысының әкімі тың бастаманы қолға алмақ. Яғни, 5 мың студенттің мерзімді басылымдарға жазылуына субсидия бөлуді қарастырып жатыр.

«Мұны жастарға жасаған жанашырлығы әрі елдік мүддені ту еткен мерзімді басылымдарға көрсеткен қолдауы деп түсіну керек. Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі жоғары оқу орындарында 15 мыңнан астам студент, колледждерде 20 мыңның үстінде студент оқиды. Солардың арасынан ықылас танытқан жастарға тегін газетке жазып беру мүмкіндігі қарастырылатын болады», — деді Аманжол Сақыпұлы.

Айта кетейік, «Сыр медиа» ЖШС — Қызылорда облысындағы медиа құрылым. Оның құрамына 3 облыстық, 1 қалалық, 7 аудандық, Kyzylorda-news.kz ақпарат агентті және басқа да бірнеше интернет-ресурстар кіреді.

Тағы да оқыңыз: