Жұма, 12 сәуiр, 19:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Автобус паркінде 335 көлік тіркелген

03.01.2024

155

0

Қызылорда: Автобус паркінде 335 көлік тіркелген

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда автобус паркіне» және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясына» барып, жұмысымен танысты. 

Бүгінде автобус паркінде 335 көлік тіркелген. Автобустарды қуаттау үшін Қызылорда қаласында газбен жабдықтайтын 2 компрессорлық станция үздіксіз жұмыс жасайды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен серіктестікке «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 2022 жылы лизингке 150 автобус сатып алынып, қызмет көрсету бағыттары көбейтілді. Қазіргі кезде қоғамдық көлік 16 бағытқа және «Ягодка», ПМК-29, ПМК-66 сайжайларына қатынайды. Сондай-ақ, автобустардың ара қашықтығы қысқарды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін электрондық төлем жүйесі енгізіліп, валидаторлар қойылды.

2023 жылға тағы 150 автобус сатып алуға 1 млрд. 615 млн. теңге бөлініп, бүгінде тиісті құжаттары рәсімделді, 50 автобус қараша айында бағыттарға қосылды. Қалған 100 автобус 2024 жылдың қаңтар айында әкелінбек.

Еске салсақ, биыл шілде айында Қызылорда қаласының сол жағалауынан құны 975 млн. теңгені құрайтын, заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды. Нысан жақын арада пайдалануға беріледі. Мұнда жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, ал қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.

Әрі қарай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының» жұмысымен танысты. Кәсіпорын 16483 заңды және 140921 жеке тұлғаға қызмет көрсетуде. «КРЭК» АҚ-да әртүрлі кернеулі 10 121 шақырым электр желілері, 1867 қосалқы станция бар. Әуе желілері мен қосалқы станциялардың тозу деңгейі 66%. 2023 жылы мекеме 218 млн.теңгеге 740 шақырым электр желілерін және 55 қосалқы станцияны күрделі жөндеуден өткізді.

414469112_667851345536113_5840296066301757949_n.jpg
414475614_667850978869483_820720078769930591_n.jpg
414466872_667851135536134_5880604593917578640_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: