Сейсенбі, 27 ақпан, 22:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Сыр өңіріндегі жаңа нысандармен танысты

25.11.2023

140

0

vice-ministr_qyzylordada_jana_nysandar

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярдың тапсырмасымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин сапалы аумақтық жоспарлауды, коммуналдық және тұрғын үй инфрақұрылымын тиімді дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ұсынымдар беру, тәжірибе алмасу үшін Қызылорда облысына іссапармен келді.

Вице-министр аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Шиелі ауданына барып, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша республикада көшбасшылар қатарына орныққан Сыр өңіріндегі жаңадан салынған нысандарды көрді, аймақтың озық тәжірибесі мен жоғары жұмыс қарқынын атап өтті.

Алдымен Тимур Жиенбайұлы Шиелі ауданы Байсын ауылындағы 250 орындық мектеп жұмысымен танысты. Биыл облыста 5 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, 4 мектепке 1 850 орындық қосымша ғимарат салынды. Жуырда пайдалануға берілген Байсын ауылының мектебі солардың қатарында.

Биылғы облыс бюджетінің 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталған. Соның ішінде, білім саласына 278 млрд теңге бөлінді. Президент қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құны 98 млрд теңге болатын 21 мектеп салынады, оның біреуі Шиелі ауданында бой көтермек. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс орталығында демеушілер есебінен 2,3 млрд теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының, Сырдария өзенінің сол жағалауында құны 4,8 млрд теңге болатын музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталмақ.

Әрі қарай вице-министр аудан орталығынан салынған  екі пәтерлік 25 үйді көрді.  
Аймақта, оның ішінде Шиелі ауданында пайдалануға берілген үй көлемі жыл сайын артуда. Тамыз айында «Көкшоқы» мөлтек ауданындағы 3 қабатты 18 пәтерлі 4 тұрғын үйден 70-тен аса отбасы жаңа баспана алды. Облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 400-і аудандарға тиесілі.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

FB_IMG_1700840566915.jpg
FB_IMG_1700840545579.jpg
FB_IMG_1700840571123.jpg
FB_IMG_1700840536379.jpg

Тағы да оқыңыз: