Жұма, 29 наурыз, 11:38

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстанда 32 градус аяз болады

27.12.2021

290

0

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер желтоқсан айының соңғы күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Олардың болжамынша, солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. Соның әсерінен қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Артынша суық ауа массалары ығысып, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы төмендейді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.

Республиканың солтүстік жартысында түнде термометр бағаны 25-32 градусқа дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Тағы да оқыңыз: