Сәрсенбі, 30 қараша, 12:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазақстан халқына» қоры білім гранттарына қатысатын ЖОО тізімін жариялады

27.07.2022

252

0

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» бағдарламасына қатысатын жоғарғы оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдары тізімін жариялады, деп хабарлайды қордың ресми сайты.

Аталған қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады.

Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай:

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден:

ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;

жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар; мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден:

мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар;

жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;

ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;

ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.

2022-2023 оқу жылына арналған «Қазақстан халқына» ҚҚ білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын 75 ЖОО мен студенттер өтінім бере алатын қайырымдылық ұйымдардың тізімін қордың ресми сайтынан көруге болады.

Kyzylorda-news.kz.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: