Бейсенбі, 28 наурыз, 14:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қайсар» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

27.12.2021

282

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен Жұмахметов Жағыппар Насрадинұлы «Қайсар» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.

Жағыппар Насрадинұлы 1961 жылы 21 наурызда Арал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

1978-1983 жылдары Қазақстан политехникалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе облысында «ЗапКазГеология» бірлестігінде бұрғылау шеберінен бастап, бас инженер лауазымына дейін көтерілген.

1991-1999 жылдары «ЮЖ Нефтегаз» компаниясында инженер, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметін атқарған.

1999-2005 жылдары Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары;

2005-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы;

2009-2010 жылдары ОҚО Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының бірінші орынбасары;

2010-2012 жылдары «ҚазГерМұнай» АҚ-ның департамент басшысы;

2012-2014 жылдары «Тұран» барлау мұнай компаниясы бас директорының орынбасары;

2014-2016 жылдары Өрт сөндіруші АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры;

2017 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауытының» техникалық директоры қызметін атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: