Бейсенбі, 07 қараша, 08:51

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Парламент депутаттары Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барды

05.01.2024

250

0

Парламент депутаттары Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барды

ҚР Парламентінің депутаттары Р.Рүстемов, А.Әлназарова, М.Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында Есет батыр ауылындағы жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында Жалағаш ауданында 2 амбулатория пайдалануға берілді. Бүгінде ауыл халқы жаңа нысанның игілігін көруде.

Сонымен қатар, халық қалаулылары Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру -сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысы тұралап тұрған нысанның уақытылы аяқталуын бақылауға алатындарын жеткізді.

Іс-сапар барысында халықтың талап тілегіне құлақ асып, маңызды деген мәселелерді түртіп алып жүрген ҚР Парламентінің депутаттары Жалағаш аудандық медицина саласының қызметкерлерімен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.

Өз сөзінде Ақмарал Әлназарова сала мамандарымен кездесу барысында халықтың денсаулық жағлайын жақсарту мақсатындағы аудандық жаңа емхананың тұрғындар үшін қолжетімді мүмкіндік екенін айтты.

Сондай-ақ Руслан Рүстемов халықтың билікке ашық ойын жеткізе алуы үшін қабылданып жатқан өзгерістер мемлекетіміздегі ашықтықты арттыратынын жеткізді.

Аудандар мен ауылдық округтердегі өткізілген кездесулердің негізгі жемісі алсытағы ағайынның күрмеулі міселелерін мінберде қозғап шешімін табу екенін айтқан Мұрат Еркешбаев, Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

416868235_1838243949961008_1329576866860593645_n.jpg
416902419_1838244029961000_6707185102414090486_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика