Дүйсенбі, 10 ақпан, 18:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі Шиелі ауданының тұрғындарын қабылдады

03.02.2025

158

0

Облыс әкімі Шиелі ауданының тұрғындарын қабылдады01
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әбенов,құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келген 81 азамат негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек, көпір салу, жер үлесін алу, инфрақұрылым және өзге де түйткілді мәселелерді көтерді. Құзырлы орган басшылары халықты қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Аймақ басшысы қозғалған мәселелерді мамандар мұқият зерделейтінін, соның негізінде заң шеңберінде шешім қабылданатынын айтты. Тұрғындардың сауалдарын жан-жақты зерттеп, терең талдауды жауапты басқарма басшыларына тапсырды.

Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны шаруа қожалығындағы заңды үлес жерін және шаруашылық есебіндегі техникаларды қайтарып алуға көмек сұрады. Облыс әкімі қатысушылар құрамынан шығу және жер учаскесiн бөлу туралы құжаттар әзірлену сатысында екенін жеткізді.

«Тартоғай» ауылының тұрғыны өзі тұратын ауылды, «Сұлутөбе», «Майлытоғай», «Бәйгеқұм», Бала би елді мекендерін газдандыруды сұрады. Аталған ауылдарға газ жүргізудің жоба-сметалық құжаттамасына енгізілген түзетудің орындылығын мақұлдау мәселесі облыстық бюджет комиссиясы отырысында қаралады.

Қабылдауда тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларынан өз мәселелерінің заңдық тұрғыдағы шешімін сұрады. Барлық сауалдарға толыққанды жауап, маман кеңесі берілді.

oblys aekimi shieli awdanynyng turghyndaryn qabyldady03
oblys aekimi shieli awdanynyng turghyndaryn qabyldady02

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика