Жексенбі, 05 мамыр, 16:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі қарттар күнімен құттықтады

01.10.2023

258

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Ардақты аға-әкелер, ақ жаулықты ана-апалар!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1990 жылдан бері 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп арнайы бекітті. Әлем күнтізбесінен орнын алған осы күні алдыңғы буын аға-апаларымыздың қоғам өміріне қосқан үлесіне алғаусыз алғысымызды айтып, құрметімізді көрсетеміз. Бұл қадірлі қарияларымызды тек осы күні ғана бағалап, сыйлаймыз деген сөз емес, кейінгі ұрпақтың тілеуін тілеген батагөй даналарымызға құрметіміз ұдайы, жүйелі бола бермек! Ұрпағына өнеге үйретіп, ұлағатын ұқтырған қазыналы қарттарымыздың әрқашан орны бөлек. Қазақ қоғамында ақсақалдар – елдік пен еңбектің, өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі, бастау бұлағы. Үлкендеріміз әрдайым елді береке-бірлікке, тату тірлікке жұмылдыра білген. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек. ​«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Расында, қазыналы қарттарымыздың батасы, тағылымды ісі, елінің, туған жерінің өсіп-өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі, еңбек жолы – бір сөзбен айтсақ, бүкіл болмысы тұнып тұрған тарих. Сондықтан да тамырын тереңге тартқан дәстүрімізден жаңылмай, қазыналы қарияларымызды құрметтеу – біздің азаматтық парызымыз!
Сіздердің ақ баталарыңызбен егемен еліміз алға қарай қарыштап дамып, еңсесі биіктей берсін!
Мереке күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Қазыналы қарттарымызды барында бағалай білейік, құрметтеп жүрейік, ағайын, деді ол.

Тағы да оқыңыз: