Дүйсенбі, 15 сәуiр, 17:47

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көлік инфрақұрылымы – экономиканың қозғаушы күші

17.01.2024

105

0

Көлік инфрақұрылымы – экономиканың қозғаушы күші
Коллаж: Бақытжан Салмырза

Өткен жылы Қызылорда облысында көлік инфрақұрылымын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Атап айтқанда, былтыр қаланың сол жағалауында жаңа автовокзалдың іргетасы қаланып, бүгінде нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде. 

Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда. Қазіргі таңда жаңа нысанның құрылысы 87,4 пайызға орындалды. Аталмыш нысан осы жылдың мамыр айында ел игілігіне пайдалануға берілмек. Одан бөлек, былтыр Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтіп, халыққа қолайлы жағдай жасалды. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов хабарлады.

 Бүгінде облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Ташкент қаласына халықаралық бір бағыт және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты жүреді. 2023 жылдың қорытындысымен аталмыш бағыттарға 22,8 млн жолаушы тасымалданды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 53,4 пайызға жоғары. Сондай-ақ, «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 26 тұрақты рейс ұйымдастырылады. Өткен жылдың қорытындысымен әуежайдан барлығы 152,8 мың жолаушы жөнелтілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,5 пайызға артық. Ал Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы — 1051,7 км құрайды. Жалпы өңірде 8 темір жол вокзалы мен 2 қызмет көрсету пункті бар. Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді. Оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған. 2023 жылдың қорытындысымен теміржол вокзалдары арқылы 19,2 млн. жолаушы діттеген жеріне жөнелтілді, — деді басқарма басшысы Жәнібек Сыздықов.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: