Сейсенбі, 07 мамыр, 19:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Инфрақұрылым: Қызылордада 49 жоба жүзеге асырылмақ

18.01.2024

239

0

Инфрақұрылым: Қызылордада 49 жоба жүзеге асырылмақ
Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Сыр өңірінде облыс әкімінің қолдауымен бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Мәселен, Қызылорда қаласында 4 іргелі мектептің жанынан екі мың орындық қосымша ғимараттар салынды. Бұл өз кезегінде білім ұйымдарындағы орын жетіспеушілігінің алдын алуға және оқушылар үшін ыңғайлы білім алуына ықпал етті.

 Сондай-ақ, былтыр 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мәдениет саласы бойынша да ауқымды жобалар сәтті жүзеге асты. Соның бірі – облыс орталығында құны 1,6 млрд теңгені құрайтын «Отбасы орталығы» мен аудандарда 4 ауылдық клуб ашылды. Ал мың орындық «Өнер орталығы» жақын күндері пайдалануға беріледі. Мұнан өзге де ауқымды жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев тарқатып айтып берді.

Өздеріңіз білетіндей, былтыр тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортпен тұрақты айналысушылар үшін 8 спорт кешені ашылды. Ал денсаулық сақтау саласында 15 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыс көлемінде құрылысы 2018-2020 жылдары басталып, түрлі себептермен аяқталмай қалған бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысы қайта басталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, Жаңақорған кентіндегі 300 орындық мектеп, Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп және 600 орындық мәдениет үйі, Жақсықылыш кентіндегі спорт кешені ел игілігіне табысталды. Ендігі кезекте биыл облыс көлемінде 111 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұған қоса, 7 ауданда «Руханият орталықтарының» құрылысы басталатын болады, — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, биыл құрылыс саласына бөлінген қаражатқа 28 білім ұйымы, 6 денсаулық сақтау нысаны, 5 мәдени нысан, 11 спорт нысаны, 11 тұрғын үй құрылысы салынады. Ал қоғамдық тәртіпті сақтау саласына байланысты 1 нысан мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 49 жоба жүзеге асырылмақ.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: